Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кеңейту жұмыстары Мәдинаның өзге мешіттеріне әсер етпейді

25.11.2014 3769 0 пікір

Мәдинадағы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) мешіті кеңейтіліп жатқаны бүгінде мұсылман қауымына мәлім. Алайда, шаһардағы өзге ескі мешіт архитектуралары өзгертілмейді. Бұл жайында Сауд Арабиясы Қаржы министрлігі өкілі мәлімдеді.

Өкілдің айтуынша, Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Әли ибн Әбу Тәліп, әл-Эджаб және Әбу Дхар мешіттеріне саусақ тигізілмейді, себебі бұл мешіттер қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп отырған аумаққа кірмейді.

Кей ақпарат көздеріне сүйенсек, әл-Эджаб және Әбу Дхар мешіттерін қайта салу кеңейту жұмыстары жобасы іске асқаннан кейін басталады. Ал Саудия ислам істері министрлігінің бас директоры Мұхаммед әл-Әмин әл-Хатри 131 мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары күтіп тұр, оның ішінде Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Әли ибн Әбу Тәліп және Фәтима әл-Захра секілді тарихи ғибадат үйлері де бар деп мәлімдеген болатын. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру