Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Депутат өзінің ислам дініне қалай келгендігін айтып берді

24.11.2014 3779 0 пікір

Депутат өзінің ислам дініне қалай келгендігін айтып бердіАмерикандық саясаткер Андре Карсон өткен аптада Индиана штатының Конгресіне қабылдағанын достарымен бірге атап өтті.

Діндес бауырлары мен достарына бүгінде қамал бұзар 40 жасқа келген Андре Карсон өзінің қалай Ислам дініне келгендігін айтып берді. 17 жасар бозбала шағында асыл дінімізге өткен оған сол кезде аудандағы мұсылмандардың көркем мінезі қатта әсер етсе керек. Ал, қасиетті Құран Кәріммен танысқан сәттен бастап оның ойы мен жан-дүниесіне өзгеріс еніп, өмірге деген көзқарасы басқаша қалыптаса бастайды. Анасының психикалық дертпен науқастанғанын, тіпті, кей уақыттарда далада түнеп жүргенін еске алған ол осының бәріне қарсы тұрар қайратты Құраннан алғанын айтады.

Баспасөз құралдарына берген сұхбатында Карсон туған-туыстарының оның бұл шешіміне қарсы шығып, түсінгілері келмегенін жеткізеді. Алайда, уақыт өте келе ақиқатқа көз жеткізген олар Карсонға жылы қабақ таныта бастайды. Сондай-ақ, сол кездері Карсон өзі үшін АҚШ тарихында алғашқы мұсылман соты болған Дэвид Шахидтың үлгі болғанын еске алады.

Карсон өзінің 17 жасында мешітке заңсыз баса-көктеп кірген полицейлермен жанжалдасқанын күле отырып есіне түсірді. Осыдан соң ол тәртіп сақшысы болуға бел байлайды. Тәртіп жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға тырысқан ол осылайша ішкі істер органына жұмысқа тұрады. Осыдан соң барлау қызметінде жемісті еңбек еткен болатын. 

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру