Жапония еліне саяхаттаушы адамдардың сұранысына орай жапон мейрамханалары су жануары киттің халал етінен ас мәзірін дайындау ісін қолға ала бастады.
Токиодағы халал туризміне қатысты семинарда «Токиоға келетін мұсылман спортшыларының көптігін есепке алар болсақ, халал ас дайындау біз үшін өте қажетті болмақ» деп мәлімдеді Малайзия сауда-саттық компаниясының басшысы Датук Ибрагим Хаджи Ахмад Бадави.
Жапонияда мұсылман қауымы 100-120 мың шамасында. Бұл ел 2020 жылы келетін мұсылман туристеріне жағдай жасау үшін халал өндірісін көтеруді бастап кетті.
Жапония әуежайларында намазханалар ашылған, жапон жібегінен хижаб киімдері шығарылуда. Енді Жапон мейрамханаларынан жай ғана халал ас түрлерінен емес, кит өнімінен де дәм татуға болады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.11.2014
3709
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру