Түрік елінің басшысы Реджеп Тайып Ердоған жақында Американы алғаш ашқан мұсылмандар екенін мәлімдеп, сол жерде неге мешіт салмасқа деген ұсыныс тастаған болатын. Аталмыш ұсыныс аяқсыз қалмай, Куба мұсылмандары жамағатына мешіт құрылысы үшін жер бөлінгені белгілі болды.
Мешіт құрылысы үшін Гавананың тарихи бөлігінен 5 акр жер телімі бөлініп, құлшылық ордасының ойдағыдай бой көтеруіне Түрік дін істері басқармасы жауапты болып бекітілді.
Екі ел арасындағы келіссөздерді жүргізген Түрік мекемесінің төраға орынбасары Мұстафа Туткиннің айтуынша, түріктер салынатын мешіттің жалпы сәулеті Ыстамбұлдағы Ортакейге ұқсатуды ұсынған.
Естеріңізге сала кетейік, латынамерикандық мұсылмандар көшбасшыларының Саммитінде Реджеп Ердоған 1178 жылы, яғни Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын Америкаға алғаш болып мұсылмандардың аяғы тигенін айтқан болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.11.2014
3650
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру