Global Giving Index 2014 сараптамасының биылғы жылдың қайырымдылық істерімен көп айналысқан ең жомарт елін анықтауы барысында Малайзия елі алғашқы ондықтан табылды. Бұл рейтинг қайырымдылық саласында 90 жылдық тарихы бар Британия қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен өткізіліп келеді.
Аталмыш қор 135 елде сауалнама жүргізіп, алғашқы орынға АҚШ пен Мьянма елін шығарыпты. Қор мамандары АҚШ елін алғашқы орынға 3 санат бойынша да лайықты деп таныған. Ал алғашқы елу елдің қатарында Өзбекстан 28-ші орынға табан тіреген. Сирия 30-шы орында. Тәжік елі 34-ші. Ирак 43-ші болса, Сауд Арабиясы 47-ші белесте деп қорытынды шығарған.
Айта кету керек, ел ішінде жиі қақтығыстар орын алатын Сирия, Ирак секілді елдерде экономикасы қарыштап дамыған өзге елдерге қарағанда қайырымдылық шаралары жиі өткізіледі екен.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2014
4275
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру