Қырымдағы Орталық мешіт құрылысы екі ел басшысының кездесуі барысында талқыланатын болады. Бұл туралы 18-қараша күні Симферополде өткен баспасөз конференциясында Қырым Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ремзи Ильясов мәлім етті.
«Орталық мешіт мәселесі қазіргі кезде күн тәрітібінен түспей тұр. Баршаларыңызға мәлім, бұған дейін мешіт құрылысымен белгілі бір тұлғалар, атап айтсақ, Қырым татарлары Меджлисінің төрағасы Рефат Чубаров пен халық көшбасшысы Мустафа Джемилев айналысып келген болатын. Алайда, қазіргі уақытта аталғандардың екеуі де ел аумағында жоқ. Жалпы, бұл мәселе жекелеген тұлғалардың емес, жалпы халықтың бас ауыртар мәселесі болуы тиіс. Түрік және Ресей мемлекетінің басшылары арасындағы кездесуде осы мәселе оң шешімін тауып, жүзеге асады деп сенеміз. Қалай болғанда да Түрік елі Орталық мешіті салып беруге уәде берді емес пе», – деді Ильясов.
Мемлекеттік Кеңестің төраға орынбасары өзінің Татарстан мен Шешенстанға барған іссапарлары барысында танысқан көркем мешіттер жайлы айта келіп, қырым үшін де сондай сәулетті құлшылық ордасының болуы керектігін айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2014
4183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру