Әлеуметтік желілерде адамдардың бір-бірімен сурет алмасуы ислам қағидасы бойынша рұқсат етілмейді. Осылай деп мәлімдеген Түркия дін істері басқармасы (Диянет) бұл мұсылманшылыққа жат әрекетке жатады дейді.
«Өз суретін әлеуметтік желілерде жарнамалап, өзгелерге жеке өмірін жөн-жосықсыз жариялау Ислам шариғатына қайшы. Адамдар бұл мәселеге бей-жай қарамауы тиіс. Алла Тағаладан мұндай сипаттағы қателік, күнәлар үшін әрдайым дұғада болып, пайдалы іспен айналысуы қажет» дейді Басқарма төрағасы.
Әлбетте, ер адам да, әйел балалары да интернет желілерін қолдануға хақылы. Алайда, оның шариғат шеңберіне сай шарттары бар дейді Басқарма өкілдері.
Диянет ислам шариғаты белгілеген тәртіппен өмір сүру әрбір мұсылман баласы үшін маңызды болуы тиіс екенін баса айтты. Осылайша интернеттің ағы мен қарасын ажыратқан бастама бүгінде Түркия дін қайраткерлері тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2014
3942
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру