Жуырда Ресейдің ірі мегаполистерінің бірі Санкт-Петерборда мұсылман шаштаразы ашылмақ. Шаштараз салоны ерлер және әйелдер залына бөлінеді. Бұл жайында «Мекке» қалалық мұсылмандар ұйымы төрағасы мәлімдеді деп жазады «Ресей жаңалықтар қызметі».
«Ерлерге ер адам, әйелдерге тиісінше әйел адам қызмет көрсетуі керек. Бұл міндетті шарт болып табылады. Әйел адам шаш қысқартуға келеді, орамалын шешеді. Ал әйел заты үшін әурет саналатын шаш және өзге де жерлерін ислам шариғатында бөтен ер адамның көруіне тыйым салынған» деп түсініктеме берді ұйым төрағасы Р.Валиев.
Төрағаның айтуынша, аталмыш мұсылман шаштаразы қаланың Петроградск ауданында орталық мешіт маңынан ашылады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2014
4123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру