Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғызстан мектептерінде дінтану пәні оқытылады

19.11.2014 4379 0 пікір

Қырғызстан мектептеріне дінтану пәнін енгізу жоспарлануда. Тілшілерге бұл туралы президент аппаратындағы этникалық және діни саясат бөлімінің меңгерушісі Мира Карыбаева хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда пән бойынша концепция жасау жұмыстары басталып кеткен. Бұл бағдарлама тек қана орта мектеп оқушыларын емес, жоғары сыныптарды және кейбір жоғары оқу орындарындағы дінтану факультеттерін де қамтиды.

Концепцияда мемлекет ұстанымы, халық дәстүрі және дінтануды оқытудың әлемдік әдістемесі ескерілетін болады. Және барлық үрдерістерді Білім және ғылым министрлігі, Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия қадағалайтын болады.

asylarna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру