Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тунис елінің президенті мұсылман әйел болуы мүмкін

19.11.2014 4044 0 пікір

Тунисте өтіп жатқан президенттік сайлауға тұңғыш рет әйел адам қатысып отыр. БАҚ-тың  хабарлауынша, Тунис елінің тарихында мемлекет басшысы сайлауына нәзік жандылар қатарынан тұңғыш рет Кальсум Канну өз кандидаттығын ұсынып отыр, - деп жазады ansar.ru

Канну Тунис сот жүйесінің ең жоғарғы инстанциясы болып табылатын  кассациялық сотта қызмет атқарады. Айта кетерлігі, ол Тунис еліндегі  ең алғашқы  әйел президент болып қана қоймай, әлемдегі мұсылмандардан шыққан тұңғыш әйел президент  болғалы отыр.

Қазір, Кальсум Канну сайлау алдында  елдің барлық өңірлерін аралап, ресми сапармен жүр.  Ол осы уақытқа дейін өзін қолдаушылардан  он бес мың  дауыс жинап үлгерген.

Канну өзімен сайлауға түскен Тунис елінің  басшысы болуға үміткер 24 ер адамның ішіндегі жалғыз әйел адам.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру