Түркия үкімет басшысы Ахмет Давутоғлы парламент қабырғасында мектеп бағдарламасына дін сабақтарын енгізу ислам атын жамылған ағымдардың алдын алудың шарты болып саналады деп мәлімдеді.
«Егер де біз білім саласына дін ілімдері жайлы дәрістер енгізбесек, қоғамға күн санап дендеп бара жатқан радикалды ағымдардан қалай қорғанамыз? Өзіміз діни білім бермесек өзгелер жалған ілімдерін насихаттайды» деді премьер-министр.
Үкімет басшысы сондай-ақ өз баяндамасында елдегі өзге де конфессия өкілдері құқығын қорғайтындығын жеткізді. «Сабақ барысында қандай да бір конфессия жайлы жағымсыз сөз айтылса, мен бірінші болып осы нәрсеге қарсы тұрамын. Жек көрушілік ұғымы туралы біз сөз қозғамаймыз» деп сөзін түйіндеді Ахмет Давутоғлы.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2014
3738
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру