Лондондағы бес жұлдызды қонақ үй өз аумағында спиртті ішімдіктер саудасына тыйым салды. Мұның себебі, мейманхана өзге кәсіпкердің иелігімен өтумен байланысты деп хабарлайды The Independent. Басылымның жазуынша қонақ үйдің жаңа иесі спиртті өнімнен пайда табудан бас тартқан.
«Біз бұдан былай алкогольді ішімдіктер сатпаймыз» деп жазылған Бермондси Сквер қонақ үйінің баспасөз парағында. Бес жұлдызды қонақ үй әкімшілігі британ астанасы қонақтарын мейманхананың «алкогольсіз өнімдердің кең ассортиментіне» назар аударуға шақырды.
«Біз спиртті ішімдіктер сатпаймыз. Жаңа инвесторымыз алкогольден табыс табуды қаламайды» дейді қонақ үй қызметкері.
Ал, әзірше ағылшынның маңдайалды мейманханасының жаңа иесінің кім екендігі айтылмайды. Дегенмен, оның ислам шариғатын ұстанған мұсылман екендігі белгілі болды. Ал, мұсылман баласы алкогольді өнімдермен айналыспайтыны бесенеден белгілі.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2014
3997
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру