
Шешен еліне Өзбекстаннан Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шашы және екі кесесі әкелінді. Қасиетті жәдігерлерді Грозный әуежайында күтіп алу рәсіміне республика басшысы Рамзан Қадыров, Үкімет әкімшілігінің басшысы Магомед Даудов және бірқатар үкімет өкілдері мен діни қайраткерлері қатысты.
Жәдігерлерді шешен еліне және басшысына деген терең құрметпен Абдулхафиз Хан Тура тарту еткен көірнеді. Ол өзінің бұндай қадамға баруына шешен елінің Ислам дінінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесінің зор екендігімен байланыстырады.
Пайғамбар (с.ғ.с.) жәдігерлері Мәуліт мерекесіне орай Ахмат қажы Қадыров мешітінде көрмеге қойылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Грозный қаласында Алла Елшісінің жәдігерлерін сақтау филиалы ашылған болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2014
4235
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру