Швецария соты осы уақытқа дейін заңдық күші болған Сент-Галленің шығыс аумағындағы мектеп оқушыларының шариғат шартымен кию үлгісіне салынған тыйымды жойып, бұл заңды әділетсіз әрі шектен шығушылық деп таныды.
The Local басылымы хабарлағандай, осыдан біраз уақыт бұрын мектептердің бірінде 13 жасар оқушы қызға орамал тағуына тыйым салынған еді.
Істің арты сотқа барып, Швецария соты қыздың қорғаушысының сөзін негізді деп таныды. Ресми орган шариғат шәлісіне тыйым салу сенім бостандығына нұқсан келтіреді әрі Адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясы ұстанымына қайшы келеді деп мәлімдеп, оқушының орамал таруына рұқсат деген шешім қабылдады.
Сондай-ақ, хижабтың зияндылығы туралы ешқандай да дәлел жоқ және жасөспірім қыздар арасындағы бұл орамал ешкімге нұқсан келтірмей дейді елдегі құзырлы орган өкілдері.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.11.2014
4114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру