
Вашингтон қаласының ұлттық шіркеуі дінаралық келісімді нығайту мақсатында жұма намазын өткізетінін мәлімдеді.
«Христандар қоғамының бізбен бірлесе жұмыс атқарып, діни бостандығымызға қолдау білдіргенін күллі әлем көрсе дейміз. Осылайша, біз барлық мұсылман елдеріндегі діни азшылықты құрайтын топтарды еркін өмір сүруге шақырамыз», – дейді АДАМС мешітінің өкілі Ризван Джака.
Айта кетейік, Вашингтон ұлттық шіркеуінде ел президенттерінің жаназасы мен басқа да мемлекеттік маңызды шаралар өткізілетін. Ал, мұсылмандардың жұма намазы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Дегенмен, ол жерде арнайы шақырту қағазы бар мұсылмандар ғана құлшылығын өтей алады.
Дінаралық достықты нығайту туралы бұл бастама шіркеу дирижері Джин Кэмпбэлл мен БАӘ-нің елшісі Ибрахим Расулдің келісімімен жүзеге асқан. Кэмпбэлл мен Расул бұдан бұрын қоғам қайраткері Нельсонды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін бірлесе атқарған болатын.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.11.2014
4233
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру