Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қайтыс болған соң ондаған жылдардан кейін хатқа түсірілген Құранның 20-дан астам фрагменті Германияның Тюбинген қаласынан табылып отыр. Аталған қаладағы Тюбинген университетінің кітапханасында сақталып келген бұл құнды мұра VII ғасырға тиесілі көрінеді.
Бұл қолжазба әлгі кітапханаға 1864 жылы пруссиялық дипломат Иоганн Готфрид Ветцштейннің жинаған кітаптарын сатып алғанда тап болыпты. Жазулар көне пергаментке «куфи» қарпімен таңбаланған екен. Айта кетейік, негізінен Құран «куфи» жазуы арқылы тараған.
Ғалымдар алғашқыда бұл фрагменттерді VIII-IX ғасырларға тиесілі деп топшылапты. Алайда, мамандар қолжазбаға радий көмір сутекті сараптау жүргізіп, кешенді түрде қайта зерттегеннен кейін, оның 649-675 жылдары аралығында жазылғанына көз жеткізген.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.11.2014
3629
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру