Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Радикал құқықшы райынан қайтып, мешіттен кешірім сұрады

13.11.2014 3906 0 пікір

Британ құқықшыл тобының бұрынғы мүшесі радикалдар тобын тастап, өзінің бұрынғы әріптестерінің көзқарастарымен келіспей, британ мұсылман жұртшылығынан өз әрекеттері үшін кешірім сұрады.

«Мен осының барлығы халық үшін деп ойлап келдім. Қарасам, керісінше, мұның барлығы да жай пиар екен. Бұл жай ғана қоғамның назарын бұру ғана, ешқандай да мәселені шешіп, нақты қарекеттер жасамайды. Олар лаңкестерді емес, мұсылмандарды аңдумен ғана айналысады» деп мәлімдеді Britain First тобының экс-мүшесі Мэтью Лестер.

25 жасар Лестер аталмыш топқа осыдан жарты жыл бұрын кіріп, «раидкалзиммен» күресуге бел буып кіріскен жастардың бірі. Топ мүшелері мешіт маңайлап, түрлі арандатушы әрекеттер жасап келген.

Өз ақыл-ойы мен санасына салып әбден ойланған Лестер бұл әрекеттердің ешбірі де дұрыс емес екендігіне көз жеткізеді. Сөйтеді де өз қаласындағы мешітке келіп, қателіктері үшін кешірім сұрауға бекінеді.  

Мэтью Лестер:

«Мен мешітке кіріп, аяқ киімім мен бас киімімді шештім, олар маған: - Алла жүректерде не барын анық білуші. Біз сенің рухани өзгеріске, жаңаруға қадам басып, осында келіп, кешірім сұрағаныңнан көп жақсылықты байқадық,- деді». 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру