Австралиялық өзге діннің өкілі бір ай бойына шариғат талаптарына сай киініп, өткізген әлеуметтік тәжірибесі туралы баяндап берді.
Медицина колледжінің студенті Салли Руттер қазан айында орамал тағып, жабық киініп, хижабты іс жүзінде қолданысқа енгізіп байқаған. Оны бұл қадамға баруына елдегі террористікке қарсы жөн-жосықсыз жүргізілетін тексерістер мен қоғамда қалыптасқан ислам діні жайындағы теріс пікірлердің туындауы себеп болған.
«Мен осыған дейін ағылшын пәнінің мұғалімі болып қызмет істедім. Менің сыныбымда мұсылман балалары болды. Олар өте мейірімді де сыпайы еді. Кейбіреулерімен әлі күнге хабарласып, араласып тұрамын. Баспасөз беттеріне ислам дінін қаралаған мақалаларды көзім жиі шалады. Бұл нәрселер мені бей-жай қалдырмайды» дейді 32 жастағы Салли баспасөзге берген сұхбатында.
Салли бір айы бойына хижаб киіп жүру қиын деп ойлаған екен. Ал нағыз қиындық оның орамал тартып, ең алғаш көшеге шыққан сәтінде орын алды. Ол автобус аялдамасына келіп, уақытты білмек болып бір әйелге сұрақ қойғанында, әлгі әйел Саллиға жауап беруден бас тартқан.
Ал мұнан өзге күндері қоғам тарапынан жылы қатынастың орнағанын байқайды. Тіптен, оған бір ер жігіт шынайы ниетпен кездескісі келетінін де жеткізген екен.
Ал, жергілікті мешіт өкілдері Салли Руттердің бұл қадамына тек қана қуанышты екендіктерін айтуда. «Біз мұндай ізгі бастамаларды әрқашан да қолдаймыз. Біз барлығымыз да бұл ұлт өкілдерінің әлеуметтік бірлікте, татулығы жарасқан ел екендіктерін жақсы білеміз» дейді дін қызметкерлері.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2014
3768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру