Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғыз елі барлық мешітті тіркеуге алмақшы

07.11.2014 3865 0 пікір

Қырғыз мүфтияты жыл соңына дейін ел аумағындағы барлық мешітті тіркеуге алуды көздеп отыр деп жазады Интерфак-религия.

«Діни басқарманың облыстық өкілдеріне 15 желтоқсанға дейін өз аумақтарындағы барлық мешіттердің есебін жүргізу жұмысы тапсырылды» деп мәлімдеді Қырғыз мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Осы мақсатта бүгінде Қырғыз мүфтиятының Шаруашылық және құрылыс бөлімінің басшысы Таалайбек Назылбеков облыстарға іссапарын бастады.

Ал, билік тарапынан жарияланған ресми дерек көзі елдегі ғибадатхананың 20 пайызы тіркеуден өтпеген дейді. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру