Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық үшін кітап жазған 8 жасар бала 1 млн. долларға жуық қаражат жинады

06.11.2014 4246 0 пікір
Қайырымдылық үшін кітап жазған 8 жасар бала 1 млн. долларға жуық қаражат жинады

АҚШ-тың 8 жастағы тұрғыны Дилан Сигел сирек кездесетін "Гирке синдромына" шалдыққан досы Джонға қаржылай көмек беру үшін 16 беттік кітап шығарды. "Chocolate bar", яғни, "Шоколад кафесі" деп аталған шағын кітаптың безендірілуін де Дилан өз мойнына алыпты.

 "Chocolate bar" - барлық ұнамды дүниелердің ордасы. Сегіз жасар "қаламгердің" айтуына қарағанда, бұл тіркеспен ол өзіне ұнайтын барлық нәрсені жеткізгісі келген. Бұл туралы аталған кітаптың ресми сайтында мәлім болды. Ал кітапты сатудан түскен қаржы  900 000 долларды құрапты.

«Мен өзімнің досыма көмектескенім үшін өте қуаныштымын. Менің жазғандарымды бөліскен халыққа алғысым шексіз. Балаларды әлемді өзгертуге тарта білгеніміз үшін разымын" деген автор өз досының аяқтан тұруына өте қатты тілектес екенін айтқан. 

Гирке ауруы - глюкозада глюкоза-6-фосфатын түзетін ферменттің жетіспеушілігінен туындайтын бауыр ауруы. Бұл бауыр мен бүйректе гликогендердің жиылуына алып келеді.

 

e-islam.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру