Майамидегі мұсылман медициналық орталығының келушілерге тегін қызмет жасап келе жатқандығына биыл – 6 жыл. Осы уақыт аралығында орталықтағы мұсылман дәрігерлер келушілердің діни наным-сенімдеріне қарамастан тегін емдеген.
Оңтүстік Флорида штатының мұсылман жамағаты «Майами бақтары» деп аталатын бұл медициналық орталықты 2008 жылы құрған болатын. Аталмыш бастама медициналық сақтандыру құжаттары жоқ отандастарының жағдайына алаңдаған жанашырлықтан туындаған еді.
Клиникадағы мұсылман дәрігерлер діндес бауырлары мен өзге діндегілерді алалап жатпастан бірдей қызмет көрсетеді. Бұл жерде науқас адамдар ВИЧ немесе обыр ауруына тексеру жасатып, түрлі екпелерді қабылдап, дәрігерлер кеңесіне жүгіне алады.
«Маған осы жерге келген ұнайды, – дейді 38 жасар Дженис Маккинсон есімді емделуше. – мені бұдан бірден қабылдайды әрі бұл жерде бәрі керемет».
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.11.2014
3989
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру