Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қырғызстан діни салаға бақылауды күшейтпек

05.11.2014 4028 0 пікір

Қырғызстан билігі діни салада болып жатқан оқиғаларға бақылауды күшейтуді көздеп отыр. Аталмыш шаралар аясында елде 2014-2020 жылдарға арналған Қырғызстан Республикасының діни саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Президент Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, соңғы айлары әлемде діни саладағы ахуал күрт өзгерді. Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар мемлекеттік-конфессиялық өзара іс-қимыл қағидаттары мен әдістерін түбегейлі қайта қарауды қажет етеді.

«Радикалдық бағыттағы ислам барша мұсылман қауымына үлкен қауіп-қатер төндіреді», - деп толықтырды президент.

Атамбаев қырғыздардың рухани байлығы мен ұлтық ереекшеліктерін сақтауда діни ережелердің жетегінде кетпеу маңызды екенін атап өтті.

Бұдан бұрын осыған ұқсас шаралар Қазақстан мен Өзбекстанда да белсенді талқыланған болатын.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру