Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран тұңғыш рет Антарктида жерінде

04.11.2014 4386 0 пікір

4-желтоқсан күні Ресей географиялық су асты зерттеу жасағы қоғамы және Қазандық Кремль өкілдері бірлесе отырып, "Антарктида-100" экспедициясына жол тартпақ.

Қорық-мұражайының директор орынбасары Антон Райхштаттың мәлімдеуінше, жасақшылар 100м тереңдікке сүңгіп шығуды жоспарлап отыр. 

Айта кетерлік жайт, Антарктида жағалауында 20м-ден аса тереңдікте ешкім сүңгіп көрмеген, сол себепті аталмыш жоспар орындалса әлемдік рекорд орнатылады. 

Сондай-ақ, зерттеушілер экспедияцияға өзімен бірге Қазандық Әулие Ана суретін және Құран кітабын алып бармақшы. 

Бұдан бұрын Антарктида жеріне қасиетті Құранды ешкім тасымаған. Жасақ мүшелері христиандар әулиесінің суретін және мұсылмандар қасиетті жазбаларын полюсте қыстаушыларға сыйға тартады. 

islam-atyrau.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру