АҚШ астанасында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) құрметіне арналған саф діннің мөлдір тазалығын, құндылығын дәріптейтін ислам каллиграфиясы көрмесі ашылды. Айтулы шара АҚШ-тағы Түркия елінің елшілігінің ұйытқы болуымын өткізілуде.
«Бүгінгі айтулы шара үлкен маңызға ие. Көрменің мақсаты Құран өлшемдері және пайғамбар (с.а.с.) хадистері арқылы Ислам құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу. Әлемдік көзқараста ислам дінінің құндылығын дұрыс дәріптемеу мен бағаламауға байланысты өте үлкен маңызды бастама» деп мәлімдеді Түркия елшісі Сердар Кылыч.
«Пайғамбарға (с.а.с.) сүйіспеншілік» көрмесінде әлемге аты машһүр каллиграфтардың туындылары қойылды. Онда қасиетті Құран аяттары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өсиеттері, сондай-ақ Алла елшісінің есімдері өрнектелген.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2014
3837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру