Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тұманды Альбионның әр 5-ші тұрғыны – мұсылман

04.11.2014 3689 0 пікір

Ұлыбританиядағы алдыңғы қатарлы жетекші компания зерттеу жүргізіп,  корольдікте сырттан көшіп келгендер саны 2 есеге артқанын, ал мұсылман жұртшылығы 4 есеге көбейгенін анықтады.

Зерттеу барысында 16 мен 64 жас аралығындағы мыңнан аса адамнан онлайн-сауалнама алыныа, нәтижесінде, Ұлыбритания тұрғындарының қатарында мұсылмандардың артқаны байқалды, яғни, әрбір 5 адамның бірі – мұсылман. Ал, ресми статистикалық есепте әр жиырмасыншы тұрғын мұсылман, яғни, халықтың 5 пайызын құрайды дегенімен, сауалнама нәтижесі мұсылмандар 21 пайызға жеткенін көрсетті.

Ал, керісінше, Британ елінің христан өкілдерінің саны көңіл көншітерлік емес екен. Ресми деректер елдегі христан сеніміндегілер 59 пайыз деп көрсеткенімен, Тұманды Альбион тұрғындарының 39 %-ы ғана христан өкілдері екендіктері анықталды. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру