Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қытай билігі дінмен мектеп қабырғасынан күреспек

02.11.2014 3968 0 пікір

Синьцзян аумақтық білім министрлігі «мектепті діннен тазалау» ниеттерін іске асыру жайында мәлімдемелерін ашық жариялады. Бұл қадамдарын олар терроризммен «балалық шағынан» бастап күресу керек деген уәждерімен түсіндіруде.

«Оқу мекемелерінің директорлары мектеп қабырғасына дін идеяларының кіріп кетпеуіне жауап береді, әсіресе, экстремистік бағыттағы діндер үшін жауапркершілік алады» деп мәлімдеді Кашгар Лу Хуадонг қалалық білім департаментінің өкілі.

Осылайша, кашгарлық 2 мыңнан аса балабақша, мектеп, білім мекемелерінің директорлары «мектепті діни таным-түсініктерден қорғау» туралы міндеттемелерге қол қойды. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру