Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбар мешіті (с.ғ.с.) толықтай қайта тұрғызылады (ФОТО)

01.11.2014 4703 1 пікір

Сауд Арабия билігі Мадина қаласындағы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мешітін кеңейту жұмыстарының дайындығына кірісіп те кетті.

Король Абдулла ибн Абдул Азиз мақұлдаған ауқымды жоба Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің сыйымдылығын арттыру мақсатында қолға алынған болатын. Жоба бойынша, құрылыс жұмыстары аяқталған соң Пайғамбар (с.ғ.с) мешітінде 1,6 млн мұсылман құлшылығын өтей алады.

Мадина қаласының әмірі Абдель Азиздың айтуынша, жалпы құны 4,7 млрд риалға бағаланған құрылыс жұмыстары келесі жылдың қаңтарында басталмақ. Әзірге айналасындағы ғимараттар сүріліп, құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітін кеңейту жұмыстары соңғы рет 1986 жылы Фахд патшаның тұсында жасалған болатын. Осылайша, мешіттің ішкі ғимаратының сыйымдылығы 270 мыңға артып, сыртқы ауласында 730 мың жан бір мезгілде намаз оқитын болған еді.

Құрылыс жұмыстарының бірі – келушілерді күн көзінен сақтайтын 182 шатырды жабдықтау. Сондай-ақ, мешіттің шығыс жақ ауласы кеңейту жұмыстарынан соң сыйымдылығы 70 жанға артпақ. Ал, король Фейсал көшесінен мешітке кіретін үш жерасты жол салынады.

Қала әмірі мешіттің қазіргі аумағына төрт тараптан 58,6 гектар жер қосылып, көшелер мен гүлзарлар пайда болатынын жеткізді. Ал, мешіт аумағы 137 мың 400 шаршы метрді құрайтын болады.

muslim.kz

,

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Саулен Айторе | 02.11.2017 09:44

ƏЛХАМДУЛИЛЛƏҺ! АЛЛА Тағалаға сансыз мадақ-шүкірлерден болсын! Сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.у.) - салауатымыз болсын! Керемет! Тамаша - жаңалық!!!! АЛЛА Жар болсын! Əмин!