
Индонезиялық дизайнер Ирна Мутиара мұсылман қыздарға арналған үйлену той көйлектерінің көрмесін өткізді. Көрмеде дизайнер қолынан шыққан 35 той көйлегі мен 35 шариғат шәлісі көрсетілді. Той көйлектерінің жарқ-жұрқ етіп, көз жауын тартып тұруы үшін Ирна той көйлектерін Сваровск кристалы, інжу-маржандармен әшекейлеген.
Жаңа топтама жасауға Ирна Ұлыбританияның 1900-жылдардағы эдвардиандық дәуірдегі сән үлгісі ой салған көрінеді. Ол король Эдуард күртесі үлгісінде ұзын көйлектерді тігіп шыққан. «Менің біздер үшін, индонезиялықтар үшін мұсылман әйелдеріне сәнді киім үлгілерін әлемдік нарыққа шығарғым келеді», – дейді дизайнер.
Ирнаның айтуынша, оның киімдері Индонезия дүкендерінде 2 000 000 рупийден жоғары бағада сатылып жатыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.10.2014
6410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру