Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түрік елі Албан еліне алып мешіт тұрғызады

30.10.2014 5034 0 пікір

Албания астанасы Тирана шаһарында Балқан түбегіндегі ең ірі мешіт салынатын болды. Алып мешіттің құрылысымен Түркия мемлекетінің Дін істері жөніндегі басқармасы айналысады. 

Дін істері жөніндегі басқарма қорының басшысы Исмаил Палакоғлының айтуынша, Балқан түбегіндегі бірегей мешіт төрт мұнаралы болып бой көтермек. Ал, сыйымдылығы – 4,5 мың адам.

Мешіт құрылысына Албания үкіметі 1 гектар көлемінде жер телімін бөлуді жоспарлап отыр. Егер құрылыс жұмыстары сәтті болса, түріктер Албаниядағы алып мешіттің құрылысын 2-3 жылда аяқтауға уәде берді.

Тұрғындар саны 300 мыңға таяп қалған Тирана қаласындағы мұсылман жамағатының үлес салмағы 70 пайызды құрап отыр. Дегенмен, осыншама халықтың айналдырған бір мешітке қарап отырғаны, шынында, шымбайға бататын жайт.  Оның өзі бар болғаны 60 адамға арналғанын ескерсек, қалған мұсылмандардың ашық аспан астында құлшылығын өтеп келе жатқанына таңғалатын түгі жоқ.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру