Хайбер Пахтунхва басқаратын Пәкістан үкіметі мектеп бағдарламасына ислам діні жайлы пәндер енгізуді қарастыруда. Барлық пәкістандық мектептер жаңа оқулықтың шығуын күтпестен, бекітілген жоспар бойынша мұсылманшылықты басшылыққа алған жоспармен сабақтарын бастауы міндетті болып бекітілді.
Естеріңізге сала кетсек, Первез Мушарраф билігі кезінде, халықаралық қысымның көбеюуіне байланысты елдегі мектеп бағдарламасынан мұсылманшылықтың нышандары алынып тасталған еді.
Осының нәтижесінде қазіргі уақытқа дейін пәкістандық оқушылар Мұхаммед (с.а.с.), Құран жайлы, әлемнің жаратылысы жайлы пайғамбар (с.а.с.) хадистері жазылған бөлімдері алынып тасталған оқулықтармен оқып келді. Сондай-ақ, бұл оқулықтарда ислам өркениетінде ойып тұрып орын алатын мұсылман ғалымдары жайлы да ешбір мәлімет кездеспейді.
Ал, ел үкіметінің қолға алған бастамасы осы олқылықтардың орнын толтыруға бақытталғанын айта кету керек.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2014
4169
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру