IX-XIX ғғ. арабтілді ғалымдар ежелгі грек, латын тіліндегі ғылыми кітаптарын зерттеп, өңдеумен, қайта түлетіп, қолданысқа енгізумен айланысты, тіптен, медицина, математика, астрономия ғылымдары төңірегіндегі санскрит мәтіндерін аударды. Осылайша, ислам әлемінің ғалымдары әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосты.
Осы орайда, бүгінгі технологоя қарыштап дамыған ғасырда Катар елінде орта ғасырдағы құнды мұралардың сандық нұсқасы дайындалып, сандық кітапханаларда көпшіліктің қолданысына шығып отыр. Аталмыш кітапхана – Катар елінің қоры мен Британ кітапханасының бірігіп әзірлеген жобасы. Цифрлы кітапхана орта ғасыр ислам жазбаларының 25 000 парақшаларын тегін тамашалауға мүмкіндік береді.
Құнды кітаптардың қатарынан «Механикалық құрылғылар ғылымы жайында кітап» (1206 ж.), Әбу әл-Райхан Мұхаммед ибн Ахмад әл-Бируни жазғанАстролябты қолдану мен құрлысы жайлы трактаты (973-1048), Птоломейдің «Альмагетс» астрономиялық және математикалық трактатының аудармалары, 122 диаграмма, (б.з. 615 ж.), т.б. мұраларды көруге болады.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2014
4310
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру