Индонезияның Палембанг қаласында халықаралық Құран сайысы болып өтті. Сайыста әлемнің 36 елінен 83 Құран білгірі бақ сынады.
Сайыстың ашылу салтанатына Индонезия президентінің өзі де қатысты. Айта кетейік, сайыстың ашылу және жабылу салтанаты белгілі нашид орындаушы Махер Зейн әні мен көрнекі киім үлгілерінің көрмесімен көркем бола түсті.
Сайыс қатысушыларына бірегей мәдени нысан Құран Акбар (ең үлкен Құран) көрсетілді. Оның басты ерекшелігі алып Құранның әрбір парағын ұзақ уақыт бойы ұзындығы екі метр болатын ағаштан ойып жасаған. Оның бір парағына Құран қалыпты қаріппен жазылған екі парағы сыйып кететін көрінеді. Барлық парақшалар биіктігі шамамен алты қабат үйдей болатын темір құрылғыға орнатылған.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2014
3751
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру