Мұсылман ғұламалары Малайзия тұрғындарына Хэллоуинге байланысты өткізілетін іс-шараларға қатыспауын ескертіп, оларға бұл күнгі әрекеттердің Құдайдан қорықпайтындардың іс-қимылы ғана екенін жеткізді.
«Хэллоуин кезінде ұйымдастырылатын шараларды қарап тұрсаңыз, олардың барлығы адамның ар-ожданы мен діни ұстанымына қарсы келетінін анық байқаймыз. Шараларды ұйымдастырушылар да сол дінге ешбір қатысы жоқ топтар», – деп мәлімдеді мұсылман ұйымының президенті Абдулла Заик Абдул Рахман пресс-конференция барысында.
Тағы бір Ислам ғұламасы Азнан Хасан былай дейді: «Хэллоуин – әрбір мұсылманның иманына сынақ».
Ғұламалардың пікірі бір жерге тоғысып, Хэллоуин мен Октоберфест секілді мейрамдар мұсылмандардың сеніміне сызат түсіріп, зиян шектіргеннен басқа әкелері түгі жоқ деген тоқтамға келді.
Малайзиядағы тағы бір мұсылман ұйымының төрағасы Мұхаммад Азизи Хассан ағылшын тілін үйрететін мектептер мен үйірмелерде Хэллоуин мерекесі тұрақты түрде тойланатынын еске салып, соларға тыйым салу керектігін айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2014
3740
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру