Эстонияның ел астанасы – Таллин қаласында орналасқан Ұлттық кітапханасында «Эстон-Ислам жамағаты және олардың мұрасы» деген тақырыппен көрме өз есігін көрермендерге айқара ашты. Танымдық әрі тағылымдық маңызы жоғары осынау айтулы шараға Эстония мұсылмандары мұрындық болды. «Турас» деп аталатын ислам мәдени орталығының белсенді мүшесі Қадыр Ханнованың айтуынша, бұл көрмеде эстон жеріне исламның қалай келгенін баяндайтын тарихи мәні жоғары экспонаттар қойылған. Ең қызығы, осы көрмеге қойылған жәдігерлер арасында екінші дүнижүзілік соғыс кезінде жермен-жексен болған жергілікті синагогтар үйіндісінің арасынан табылған, фиқһ жайында қолмен жазылған қолжазба елдің назарын ерекше аударғанын айта кету керек. Сондай-ақ, кезінде Сауд Арабиясының королі Эстония мүфтиі Илдар Мұхаммедшинге сыйға тартқан кисуа (қасиетті Қағбаға жабылатын мата), Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) Бахрейн әміршісіне жолдаған исламды қабылдау турасындағы мүбәрак хаты, Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) мөрінің көшірмесі жұртшылықтың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, емдік қасиеті жоғары қара зере, шариғат шәлісі де көрермендердің көңілінен шықты.
islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.10.2014
3785
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру