Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Парламентте мұсылман әйел киімдеріне рұқсат берілді

24.10.2014 3946 0 пікір

Австралия парламенті шариғатқа негізделген хижаб, паранжа, никаб секілді киімдерді парламент үйінде киюге салған тыйымды жойды.

Қазан айының басында Парламент ісі бойынша үкіметтік департамент парламент жұмысын көруге келушілер жабық киініп алар болса ашық галереяға шыға алмайтынын, олар дыбыс өтпейтін әйнек қабырғадан ары аса алмайтынын ескерткен еді.

Аталмыш шешім австралиялық БАҚ беттеріне үлкен сынға ұшырап, мұны мұсылмандардың құқын шектеу деп бағалады.

Ал, осы уақыттан соң парламентте үзіліс болып, бүгінгі күнге шейін жұмыс жүргізілмегендіктен, ол шешім іс жүзінде орындалмаған болатын.

Жұмысына қайта кіріскен парламент бұл шешімді кері қайтарып, шариғат шартына сай киінген әйелдер тек тексері-өткізу пунктінде ғана жүздерін көрсетсе жеткілікті деген байламға келді. Осылайша, мұсылман әйелдері ашық галереяға өзге тыңдаушылар секілді кіре алатын болды.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру