Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров уахабиттердің улы уағызын тыңдауға мүмкіндік беріп, жастарды теріс тәрбиеге итермелейтін интернетті сынға алды. Оны дүниежүзілік желіден алып тастау туралы өз пікірін білдірді.
«Республикада интернеттің іске қосылуын армандаған кезім болған, ал қазір оны алып тастағанын қалаймын. Әр үйде интернет бар. Кез келген адам уахабиттің уағызына елтіп кетуі әбден мүмкін. Өз ұлым да қандай да бір теріс насихаттың ықпалына түсе ме деп қауіптенемін», - деді Р.Кадыров.
Кадыровтың айтуынша, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан интернет қажет, алайда оның теріс жағының ықпалы зор болып отыр.
РФ-да интернетті шектеу мәселесі БАҚ-та жиі талқыланады.
inform.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.10.2014
3831
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру