Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Латынамерикалықтар исламды хош көруде

23.10.2014 3616 0 пікір

Өз-өзімен қалған сәтте, жүрек сырына үңілген кезде көптеген латынамерикалық тұрғындар Хақ дін – Исламға қарап бой түзеп, құбылаға бет бұрады екен.

«Бұл дін ненің адал, ненің арам екенін айқын дәлелдеп береді. Мұсылманшылықты ұстанған адамдар да өмірдегі өз орнын жақсы сезінеді. Бұл адамды еріксіз баурайды» деп, ағынан жарылды Флорида халықаралық университетінің магистранты Стефани Лондоно. Латынамерика топырағындағы дін ахуалы жайлы зерттеу жүргізіп жүрген магистр Құран кітабы латынамерикалық мұсылмандар үшін жарық жұлдыз іспеттес, көш басшы, өмірдің мәнін ұғындырушы ақиқаттың жаршысы дейді. Онда қандай ас ішіп, не айту керектігі мен өзіңді қалай ұстау, құлшылықты қалай жасау керектігі, барлығы да айтылған дейді.

Ал, whyislam.org ұйымының жүргізген зерттеуі көрсеткендей, америкалық мұсылмандардың 6 пайызын латынамерикалықтар құрайды екен. Осы деректі латынамерикалық Dawah ұйымы да көрсетіп отыр. Онда Хақ дінге бет бұрғандардың басым бөлігі әйел балалары екендігі де анықталған. 

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру