Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рим Папасы Сұлтан Ахмед мешітіне зиярат жасамақ

22.10.2014 4160 0 пікір

Рим Папасы Сұлтан Ахмед мешітіне зиярат жасамақРим Папасы Франциск 28-30 қараша күндері түрік еліне іссапармен келеді. Ресми сапар барысында Рим папасы Стамбул қаласындағы Сұлтан Ахмед мешітіне ат басын тірейтіні белгілі болды.

Ватикан билігі мәлімдегендей, Рим Папасы алғашқы күні Түрік республикасының тұңғыш президенті Кемал Ататүрік кесенесіне соғып, келесі күні Сұлтан Ахмед мешітін тамашалайды.

Стамбул қаласында Рим Папасы католиктік соборда месса өткізіп, православтық шіркеу патриархы Варфоломеймен кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, понтификтің ел басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және премьер-министр Ахмет Даутоғлымен кездесуі мүмкін.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру