Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сегіз метрлік Құран көрмеге қойылды

22.10.2014 3867 0 пікір
Сегіз метрлік Құран көрмеге қойылдыСауд Арабиясының Катиф қаласында қасиетті Құран Кәрімнің түрлі нұсқалары көрмеге қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды.

Құнды жәдігерлер арасында осындан 700 жыл бұрын жазылған қасиетті жазба нұсқалары кездеседі. Сондай-ақ, салмағы 10 кг тартатын сегіз метрлік Құран да аталмыш көрменің сәнін келтіріп тұр. Көрмеге қойылған Құран Кәрімнің нұсқалары арасында түрлі тілдердегі аудармалары, тіпті Луи Брайля тәріздес тіліне тәржімаланған нұсқасы да орын тапқан.

Бұған қоса, келушілер көрме заттары арасынан каллиграфиялық өрнектермен әшекейленген тарихи жәдігер мен зергерлік бұйымдарды тамашалауға мүмкіндік алды. Көрме барысында көне Құран нұсқаларын қалпына келтірумен айналысатын арнайы секция жұмысы да қарастырылған.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру