Француз компаниясы Capital Biotech бірнеше минуттың ішінде өнімнің құрамында алкоголь мен доңыз етінің бар - жоғын анықтай алатын «Халал тест» ойлап тапты.
"The Local" хабарлағандай, аталмыш тест, негізінен, Батыс елдерінде тұратын мұсылмандарға арналған. Құрылғының жұмыс істеуі оңай, ол жүктілікті анықтайтын тест таяқшаларымен ұқсас келеді. Тұтынушы өзінің сатып алған өнімінің бір бөлігін су құйылған ыдысқа салып, оған «Халал тест» таяқшасын салса болғаны. Бірнеше минуттаң соң тест нәтижесі дайын болады. Компанияның негізін қалаушы Абдеррахман Шауи «Бұл тест мұсылмандар үшін пайдасы көп, әсіресе, саяхатқа шыққан кезде және кез келген мейрамханаға барғанда немесе халал таңбасы жоқ күмәнді өнімді сатып алу барысында таптырмас құрал болары сөзсіз» деп мәлімдеген. Енді өнертапқыштар қандағы оксигенация негізіне сүйене отырып, малдың қандай жолмен сойылғандығын анықтайтын құрал шығаруды жоспарлап отыр.
E-islam.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.10.2014
4424
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру