Кеше американдық мұсылман қызы АҚШ-ның билік ордасы Ақ үйдің құрметті қабылдауында болып, «қолжетімді денсаулық сақтау» федеральды заңы негізінде көптеген жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық танытқаны үшін наградамен марапатталды.
Хадиджа Гурнах есімді мұсылман әйелі «қолжетімді денсаулық сақтау шараларын» аймақтағы тұрғындарға жеткізу жөніндегі бағдарламаның менеджері қызметін атқарады. Йельский университетін тәмамдаған оның бүгінде бірнеше ғылыми еңбектері жарық көрген.
Хадиджаға және денсаулық сақтау саласының тағы да 12 қызметкеріне «Өзгертулер чемпионы» наградасы табыс етілді.
Ұйымның қаржылық жағдай айтарлықтай болмағанымен, Хадиджа ондаған ұйымдармен байланыс орнатып, мыңдаған жанның медициналық тегін қызметті пайдалануына жол ашқан. Сондай-ақ, мұсылман қызы осы қызметі арқасында этникалық диаспоралар арасындағы алауыздық пен дінаралық араздыққа тосқауыл қойып, түсіністік пен өзара келісімге келудің жолдарын ұсынып келе жатыр.
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2014
3909
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру