Сауд билігі қажылыққа 10 жасқа дейінгі балаларды әкелуге тыйым салу мәселесін қарастыруда. Бұған қажылық маусымындағы аптап ыстық пен қажылық рәсімдерін орындауда балаларға қиыншылықтар туындайтыны себеп болып отыр.
Қажылық министрлігі ата-аналарға өздерімен бірге балаларды алып келмеуді сұрауда, себебі, бұлай еткен жағдайда балалардың күннің ыстығына ұрынып қалуы немесе инфекция жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін дейді шенеуніктер.
Биылғы қажылық қазан айына сәйкес келді, алайда, келесі жылдары бұл уақыт жаз маусымына қарай жылжитынын ескерсек, қажылық рәсімдерін өтеу уақытында балаларға қиыншылықтар туады.
«Бұл шешім адам өмірін сақтау үшін қабылданып отыр. Себебі, ислам дінінде адам өмірі аманат болып есептеледі» деп мәлімдеді қажылық министрлігі.
ummet.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.10.2014
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру