Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жұмадан қалсаң жазасыз қалмайсың

21.10.2014 4847 0 пікір

Енді Малайзия штаты Келантанда жұма намазынан қалуды әдетке айналдырғандарға арнайы қылмыстық іс қозғалатын болады. Келантан билігі жұма намазын 3 рет себепсіз жіберген мұсылмандарға 1000 малайзиялық ринггитке айыппұл салу және бір жылға бас бостандығынан айыруға рұқсат беретін заң актісін қабылдады.

Алайда, құқыққорғаушылар жұма намазына бару әркімнің жеке шаруасы, мешітке келген сайын тіркелмеген әрбір мұсылман адамынан қылмыскер жасап керек емес дейді.

«Адвокаттар бостандық үшін» құқыққорғау ұйымының директоры Эрик Полсеннің айтуынша, бір адам әр аптада әртүрлі мешіттердің жұма намазына қатысуы, сондай-ақ шетел асып, іссапарға кетуі немесе ауырып та қалуы мүмкін екендігін қаперге алу қажет.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру