Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қартайған шағында Хақ дінге бет бұрған дипломат жайлы фильм түсірілді

20.10.2014 4108 0 пікір

Мароккода осы жексенбіде ислам дінін қабылдаған швед елшісі туралы деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Швецияның Мароккодағы экс-посолы Кнут Йохан Бернстрес 1919 жылы туылып, 2009 жылы өмірден өтті. Өзінің елшілік қызметінде ол Испания, Франция, Кеңес одағы, АҚШ, Бразилия, Колумбия, Венесуэла және Мароккода еңбек етті деп жазады  Morocco World News.

1976-1983 жылдар аралығында Мароккода елшілік қызметте болған кезінде Бернстремнің Ислам дініне көңілі қатты ауады, көп ұзамай зейнетке шығып, мұсылмандықты қабылдайды. Өзіне Мұхаммед деген есімді алған ол араб тілін жетік меңгерген және қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқыған. Нәтижесінде, бұрынғы дипломат Құран Кәрімді швед тіліне аударады да «Құран жолдауы» кітабын басып шығарады.

«Шамса бинт Хамдан Ан-Нахьян Мароккодағы швед елшісі жайлы уақиғаны естіп, ол жайында түсірілетін фильмді қаржыландыру туралы шешім қабылдады» деп мәлімдеді фильмді түсіруші ұйым директорының орынбасары Ибтихал Джеффри.  

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру