Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Хижабтағы саясаткер министрлерді сөзге абай болуға шақырды

20.10.2014 3954 0 пікір

«Жыл қаһарманы» Еуропа премиясының иегері, Лондонның шығыс округының саясаткер әйелі Рабина Хан британдық саясаткерлердің исламға күйе жаққан  пікірлеріне қарсы тұрып, діни сенім төңірегінде сөз қозғағанда абай болу керектігін жеткізді.

Тауэр Хэмлетс қалалық кеңесінің мүшесі Рабина Ханның айтуынша БАҚ беттеріндегі ислам жайлы жағымсыз пікірлер мен ықпалды саясаткерлердің дін жайындағы мәлімдемелері мұсылман жұртшылығына  кері әсерін тигізеді.

«Егер де сіз Тереза Мэйдің (Ұлыбритания Ішкі істер министрі) Трои конференциясындағы сөзіне құлақ түрсеңіз, ол экстремизм туралы айтады да, бірден Тауэр Хэмлетс мұсылмандар қауымына күмәнді көзбен қарайды. Ол бізге тікелей айыптау таға алмағанымен, осы сөзімен-ақ, біраз ойын аңғартады. Осы сынды пікірлері мұсылман қоғамына зиян келтіру үшін жеткілікті» деді өз сөзінде Рабина Хан (East London Lines).

Мұсылман саясаткері Рабина Хан Лондонның шығыс бөлігінде 19 жасынан бері тұрып, қызмет етіп келеді. Соңғы 15 жыл көлемінде әйел құқықтары үшін күресіп, әртүрлі этнос-конфессияаралық топтар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту бағытында тер төгіп келеді.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру