Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шіркеуден – мешітке

19.10.2014 3796 0 пікір

Филадельфия (АҚШ) қаласында тұратын сицилиялық бұл жігіттің жастық шағы атышулы арал тұрғындарының кинода көрсетілетін өмірінен еш айырмасыз өткен еді. Алайда, жас жігіттің ерік-жігері бәрінен де артық түсіп, ақыр соңында ол Алланың ақ жолына түсті.

«Мен 13 пен 17 жас аралығында татып көруге болатын күнәнің дәмін талғамай жұтқан болатынмын. Қыз-қырқын, ішімдік пен есірткі, қылмыстық істер мен қыруар ақша. Мен осы тектес ләззаттар теңізіне шым батқан едім», – деп есіне алады Салахуддин Десеро.

Алайда, Десеро 17 жасында осы айтылғандардың барлығынан бас тартып, ата-анасының діни сеніміне, яғни католиктік сенімге шындап кіріседі. Монастырьге аттанған ол дін қызметкері болуды көздейді.

Арада 8,5 жыл өткенде ол кездейсоқ мешіт имамымен кездесіп, аз-кем әңгімелеседі. Әулие Мария, Иса, қасиетті рух жайында имам қойған сұрақтар оны ойға қалдырады.

«Арада төрт ай өткесін мен бір шешімге табан тіредім: Иса ешқандай Құдайдың ұлы немесе Құдай емес!», – дейді ол сол бір кезін еске алып. Осылайша, мешіт имамына жолығып, ол мұсылмандықты қабылдайды.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру