Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұхаммед Әли өзі жайлы ақпаратты теріске шығарды

17.10.2014 3965 0 пікір

Естеріңізде болса, өткен аптада БАҚ беттерінде әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әлидің денсаулығы күрт нашарлады деген ақпарат өріп кеткен еді. Әли бұл сөздерді жоққа шығаруда. «Қаңқу сөздерге сенбеңіздер. Мен өзімді өте жақсы сезінемін» деді 72 жастағы әйгілі боксшы.

13 қазан күні Әлидің өз өмірі туралы фильмнің тұсаукесеріне келе алмауының себебі оның денсаулығына қатысты деген ақпарат шығып, боксшының бауыры Рахман Али ағасының ауыр жағдайда, сөйлеуге мүмкіндігі жоқ екенін айтқан болатын. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың басында Әлидің ұлы да әкесінің хал-ахуалы нашарлап кеткенін, аяғын басып әзер жүретінін айтқан еді.

ummet.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру