Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамның уағызында хақ дінді қабылдады

17.10.2014 3934 0 пікір

Үндістандық мұсылмандар қауымы өкілінің Гамбиядағы сапары барысында санаулы минуттар ішінде тыңдаушылардың бірі Ислам дінін қабылдады.

48 жастағы үнділік дінтанушы, ислам ағартушысы, сондай-ақ Үндістандағы Ислам зерттеу ассоцициясының негізін қалаушы әрі президенті Закир Карим Наик жыл бойына әртүрлі елдерге сапар жасап, дін уағызын жүргізеді.

Осы жолғы сапарында ел президентінің шақыруымен Гамбия еліне келіп, онда Гамбия президенті Исламдағы джихадтың шынайы түсінігі жайлы лекция өткізуін өтінген.

Закир Наик лекциясындағы сұрақ-жауап кезінде Джон Хадра есімді тыңдаушы өзінің мұсылман болғысы келетіндігін жеткізіп, сол сәтте Алланың бірлігін айтып, кәлима шаһадатқа тілін келтірген. Қуанышты сәттің құрметіне доктор Ник Джон Хадраға қасиетті Құран кітабын сыйға тартты.

ummet.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру