Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Телебағдарлама қонағы – мұсылмандықты жаңадан қабылдағандар

16.10.2014 3891 0 пікір

Австралия телеарналарының бірінде мұсылмандардың шынайы бет-бейнесін танытып, Ислам діні жайлы қалыптасқан қате пікірлерге тойтарыс беретін телебағдарлама пайда болды. Бағдарламада мұсылмандықты жаңадан қабылдаған сиднейліктер өз ойларын ортаға салып, жүрекжарды сезімдерімен бөліседі.

«Мен – австарлиялық мұсылманмын. Осыным үшін мақтанамын және Аллаға сансыз шүкірлер айтамын. Мен намаз оқып, Алла Тағала құзырына енгенімде, айтып жеткісіз тыныштық орнайды. Мен мұндай күйді мұсылмандықты қабылдамай тұрғанымда ешқашан сезініп көрген емеспін», – Сара есімді бойжеткен бағдарлама барысында. – Мен шет елдерде болып жатқан түрлі қантөгістер мен сұмдықтар жиі естимін. Ал, қасиетті Құран Кәрімді қолыма алып, оны оқуға кіріскенімде өзімнің өмірлік жолбастаушымды табамын. Оның қасиетті аяттарында ешқандай қарулы қақтығыстар мен жантүршігерлік сұмдықтар жоқ».

Сараның Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанғанына биыл – үшінші жыл. Балалық шағы Жаңа Оңтүстік Уэльсте христиан отбасында өткен оның Ислам дініне келу жолы да тым ұзаққа созылған. Ол асыл дініміз жайлы кітаптар мен ғаламтордан көп оқи келе мұсылмандықты қабыдауға бел буады.

«Мен көріп отырған, менің өмірбаянымды естіген австралиялықтарға айтарым, мұсылмандарға үрке қараудың еш қажеті жоқ. Біздер де сіздер секілді қарапайым адамдармыз. Тек біздің Алла Тағала әміріне бойұсынып, шариғат шәлісін тағатынымыз болмаса», – дейді Сара.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру