Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Синагога күтімі – мұсылмандардың мойнында

16.10.2014 4031 0 пікір

Калькутта қаласында тұратын мұсылмандар әулеті шаһардағы үш синагоганың жай-күйіне жанашырлық танытып, күтімін өз мойындарына алғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Жергілікті иудейлердің азайғаны соншалық, олар аталмыш міндетті орындауға шамалары жетпейтін көрінеді.

Сонау 1946 жылы бұл қалада 3000-нан астам иудей тұрған болса, қазіргі кезде олардың саны небары 20 шақты ғана.

Бүгінде 71 жасқа келген Халил Ханның Бэт Эль синагогасының күтімімен айналысып келе жатқанына 55 жыл болыпты. Ал, оның Анвар және Сирадж есімді ұлдары ғимараттың жөндеу жұмыстары мен тазалығымен айналысады.

«Ғимаратты, оның ішіндегі жиһаздары мен жәдігерлері сүртіп-тазалауға тұтастай бір апта кетеді. Жұма күні түске дейін біз жұмысымызды аяқтауға тырысамыз. Өйткені, олардың сенбі күні намаздары бар», – дейді мейірімді мұсылман әулетінің басшысы.

Сондай-ақ, қаладағы тағы бір синагоганың жалға төлейтін қаржысын Насир Шейх есімді мұсылман өз мойнына алған көрінеді.

Осылайша, қаладағы Бэт Эль, Неве Шал, Маген Давид синагогаларына мұсылмандар әулеті жауапкершілік танытып келеді.

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру